Талғар тұрғынын әйелі мен енесі 30 жерінен пышақтаған
Талғар қаласында жеті баланың әкесі кісі қолынан қаза тапты. Оған отыздан астам пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды Arbat.Media.
«Күдіктілер — марқұмның жұбайы мен енесі. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі 7-тармағы (“Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған адам өлтіру”) бойынша іс қозғалды», — деді марқұмның адвокаттары.
Алдын-ала мәлімет бойынша, марқұм өзіне тиесілі жылқылар ұрланғаннан кейін Талғар полициясына арыз берген. Осы жайт жанжалдың себебі болуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: