Танымал қазақстандық блогер Қайсар Қамзаға іздеу жарияланды
Ақпарат Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оған іздеу 10 қаңтарда тіркелген. Іздеу шараларын Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті жүргізіп жатыр.
Қазіргі уақытта іс бойынша өзге ақпарат жарияланған жоқ.
Айта кетейік, блогердің Instagram желісінде 2,4 миллионнан астам, ал TikTok-та 340 мыңнан аса жазылушысы бар.
Қайсар Камзаның аты бұған дейін Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында онлайн құмар ойындарын жарнамалауға қатысы аталған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: