Таразда аялдамада 13 жасар қызды арашалап қалған азамат марапатталды

Таразда 13 жасар қызды белгісіз адамдардан арашалап қалған тұрғын марапатталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ведомствоның мәліметінше, Жамбыл облысы полиция департаментінде Тараз қаласының тұрғыны Нүркен Омаровты марапаттау рәсімі өткен.

Ведомство бұған дейін Тараз қаласында белгісіз екі адамның автокөлікпен қоғамдық көлік аялдамасында тұрған қыз баланы алып кетпек болғанын еске салды.

Алайда бұл жағдайға бейжай қарамаған азаматтың арқасында олар қызды алып кете алмаған. Күдіктілер жедел түрде анықталып, ұсталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталған.

Марапаттау рәсімінде өңір полициясының бастығы Қайсар Сұлтанбаев Нүркен Омаровтың әрекеті нағыз ерлік пен жоғары азаматтық жауапкершіліктің үлгісі екенін атап өтті.

Ол ерлік танытқан азаматқа ішкі істер министрі Ержан Сәденовтің, сондай-ақ жеке өзінің атынан шынайы алғысын айтты.

"Кейде ерлік лауазыммен де, формамен де өлшенбейді. Ерлік – қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдап, көмекке келе алу. Сіздің жедел әрекетіңіздің арқасында жасөспірімнің қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Бұл – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның тыныштығына қосқан үлесіңіз", - деді Жамбыл облыстық ПД бастығы.

жамбыл облыс Тараз Марапат
Кеше, 16:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 14:33 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 12:25 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар