Таразда аялдамада тұрған мектеп оқушысын ұрлап әкетпек болған

Жамбыл облысында мектеп оқушысын ұрламақ болған күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полицияға автобус аялдамасында тұрған 13 жастағы қызды екі белгісіз адамның көлікпен алып қашуға әрекет жасағаны туралы хабарлама түскен. Белгісіз ер адамның мектеп оқушысын күштеп көлікке отырғызуға әрекеттенгені бейнежазбаға түсіп қалған. Полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстады. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады полиция.

жамбыл Тараз облыс аялдама

Тақырыпқа жаңалықтар