Таразда ер адам жұмысқа бармай қойғаны үшін 3,7 млн теңге қарыз болып қалды
Жамбыл облысының соттарында қаралған іске сәйкес, ер адам ЖШС-де жүк көліктерін жөндеумен айналысқан, деп хабарлайды Arbat.Media.
Компания жөндеу жұмыстарына қажетті құрал-жабдықтарға 7,7 млн теңге инвестиция салған. Ал ер адам көліктерді жөндеп, түскен пайданың 40 пайызын алып отырған.
Алайда кейін ол жұмысқа келуді тоқтатқан. Ер адам бұл келісімді еңбек шарты деп есептегенін айтқан.
Сот оның уәжімен келіспеді. Себебі тараптар арасында еңбек шарты жасалмаған, ал бірлескен кәсіп жүргізу туралы келісімнің шарттарын ер адамның өзі растаған.
Нәтижесінде жобадан шыққаны үшін ер адам 3,7 млн теңге төлеуге міндеттелді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: