Таразда итті жүк көлігіне байлап сүйреген жүргізуші ұсталды
Таразда итті жүк көлігіне байлап сүйреген жүргізуші полиция бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Куәгерлердің айтуынша, оқиға 19 желтоқсан күні таңертең Саңырақ батыр көшесінде болған. Белгісіз адам иттің аяғы мен мойнынан байлап алып, көлікпен сүйреген. Полиция оның ит аулайтын мекеме қызметкері екенін айтты.
«Арнайы аулау қызметінің көлігін басқарған инспектор анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. «Жануарларға қатыгездікпен қарау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: