Тасқын: ШҚО-да жағдай тұрақты
Шығыс Қазақстанда облысы сәуір айының ортасында күтілетін су тасқынының екінші толқынына дайындығын бастады. Қазір облыста жағдай тұрақты. Өңір басшысы Ермек Көшербаевтың тапсырмасымен өткен жылдың күзінде-ақ ШҚО қалалары мен аудандарында су тасқынының алдын алу шаралары басталған. Биыл алғаш рет тасқын суға төтеп беру үшін тарихи деректерге негізделген арнайы карта жасалды. Су тасқыны қаупі бар аудандарға тәулік бойы мониторинг жүргізіліп, үнемі толықтырулар енгізіліп отырады, - деп хабарлайды Arbat.media.
ШҚО-да биыл Жол жылы болып жарияланды және өңір билігі жол жөндеу жұмыстарынының сапасына ерекше назар аудармақ. Облыс әкімі Ермек Көшербаевтың айтуынша, тұрғындар тарапынан түсетін шағымның көбі жолға қатысты, оған себеп, соңғы жылдары толыққанды жөндеудің жүргізілмегені. Биыл өңірдегі жолдарды жөндеуге екі есе қаржы бөлінді.
ШҚО Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділовтың айтуынша, 28,5 млрд теңге бөлу жоспарлануда, 600 шақырым жол орташа жөндеуден өтеді.
Кез келген адам жөндеу жұмыстарын қайда және қашан жүргізетінін білуі үшін жолдардың толық тізімін құзырлы басқарманың сайтында міндетті түрде жариялау тапсырылды.