Тәжікстанда мұғалімдер әскери қызметтен босатылады

Тәжікстанда мұғалімдер әскери қызметтен босатылады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тәжікстанда "Әскери қызмет туралы" заңға өзгеріс енгізілді. Оған сәйкес, жалпы білім беретін мектеп мұғалімдері міндетті әскери қызметтен босатылады.

Бұрын мұндай жеңілдікті тек ауылда тұратын мұғалімдер қолданатын. Түзетулерді парламенттің төменгі палатасы мақұлдады. Енді оны парламенттің жоғары палатасы мақұлдап, президент қол қоюы керек.

Жаңа ереже елде ұстаздардың мәртебесін жоғарылатып, мектептегі мұғалім тапшылығын жоюға бағытталған.

Тәжікстан Мұғалім Әскери Қызмет

Тақырыпқа жаңалықтар