Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Астанада көлік ұрлап, ірі жол апатына түсті

Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Астанада көлік ұрлап, ірі жол апатына түсті. Салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға суреттері Threads әлеуметтік желісінде жарияланды. Онда автокөліктің екіге бөлініп қалғаны анық көрінеді.

"Теміртаудың 18 жастағы тұрғыны Changan Deepal S07 автокөлігін заңсыз иеленген. Ол қала ішінде жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, айналасындағыларға қауіп төндірген. Нәтижесінде үш адам зардап шеккен жол апаты болды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. Көлік ұрлаған адам жарақат алмаған", – деді Полиция департаменті өкілдері.

Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Зардап шеккендердің жағдайы әзірге белгісіз. Редакция қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан ресми ақпарат күтіп отыр.

Алматы Жасөспірім Көлік Апат
Кеше, 16:37 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 19:09 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 13:35 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар