Терроризм мен экстремизм үшін 13 адам сотталды
2026 жылдың сәуір-мамыр айларында Ұлттық қауіпсіздік комитеті тергеген қылмыстық істер бойынша терроризм және экстремизмге қатысты қылмыстар жасағаны үшін 13 адам түрлі мерзімге сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сотталғандардың бірі – Астана тұрғыны. Ол әлеуметтік желілерде террористік идеологияны насихаттап, адамдарды террористік белсенділік аймақтарына баруға үгіттегені үшін кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ал Шымкент қаласының тумасы Қазақстанда теократиялық мемлекет құруға үндеп, терроризм идеяларын таратқаны үшін 7 жылға сотталды.
Сондай-ақ осы кезеңде Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан және Абай облыстарында экстремизм мен терроризмге байланысты қылмыстарға күдікті 11 адам ұсталды. Олардың қатарында екі шетел азаматы және шетелден экстрадицияланған үш қазақстандық бар.