Толқаев Шымкент қаласының әкімімен қала дамуын талқылады
Қасым-Жомарт Тоқаев қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Arbat.Media.
2025 жылы шаһар экономикасына 859,5 миллиард теңге инвестиция құйылды, оның 72 пайызы жекеге тиесілі. Жалпы өсім – 7,5 пайыз.
Қазіргі уақытта 200 орынға шақталған заманауи перинаталдық орталық салынуда. Сондай-ақ биыл 150 орындық оңалту орталығын пайдалануға беру жоспарланған. 35 мың жанкүйер сиятын заманауи стадион, паралимпиадалық, сурдлимпиадалық спорт түрлері мен боччаға арналған мамандандырылған кешен құрылыстары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: