Тоқаев пен Ердоған не туралы сөйлесті?
Түркия басшысы екі ел арасындағы сауда айналымын 15 млрд долларға жеткізуге ниетті екенін айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астанада және Алматыда «Маариф» қорының мектептері ашылады.
Қазақстанның 14 мыңға жуық азаматы Түркияда оқиды, ал 260-қа жуық түрік студенті еліміздің жоғары оқу орындарында білім алуда.
Көп ұзамай түрік компаниясы Түркістан облысында биологиялық белсенді қоспалар өндіретін зауыттың құрылысын бастайды.
Түрік компаниялары Түркістан және Петропавл қалаларында көпбейінді ауруханалар салып жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: