Тоқаев пен Путин сөйлесті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.Media.
Тоқаев Путинді туған күнімен құттықтады. Мемлекет басшысы Путинге Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестікті, тату көршілік және одақтастық қатынастарды нығайтуға айтарлықтай үлес қосқанын атап өтті.
«Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екі елдің сан қырлы ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылады. Тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асырудың нақты аспектілеріне баса мән берді», - деп хабарлады Ақорда.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: