Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Әңгімелесу барысында тараптар бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев қараша айында Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен бару жоспарланып отырғанын айтты.

Айта кетейік, төрт күн бұрын Душанбеде өткен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин кездескен еді.

Путин Тоқаев телефон сөйлесті

Тақырыпқа жаңалықтар