Тоқаев Трампты Қазақстанға сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Екі ел басшысы Украина проблематикасы жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан президенті Украина қақтығысын реттеудің күрделі сипатына назар аударды. Өйткені бұл шиеленісте территориялық келіспеушілік басты мәселеге айналып отыр. Сондықтан қазіргі нақты жағдайды ескере отырып, екі жақтың мәмілеге келуі маңызды.

Бұл ретте Қазақстан араағайын емес, бірақ қажет болған жағдайда келіссөз алаңын ұсынуға дайын.

Тоқаев трамп АҚШ Президент

Тақырыпқа жаңалықтар