Тоқаев «Жасанды интеллект туралы» заңға қол қойды
Қазақстанда жасанды интеллект контентін таңбалау туралы талап енгізілді, деп хабарлайды Arbat.Media.
Заң арқылы жасанды интеллект жүйелері қызметінің негізгі қағидаттары енгізілді.
Енді жасанды интеллект адамның белгілі бір міндеттерді орындау құралы ретінде қарастырылады.
Заңда жасанды интеллектке қатысты жауапкершілік және бақылау қағидаттары бекітілді. Соған сәйкес, меншік иелері мен пайдаланушылар жасанды интеллект жүйелерін қолдану кезінде өзінің атқаратын рөліне қарай жауап береді.
Жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында бірқатар мүмкіндіктерге ие жасанды интеллект жүйелерін құруға және пайдалануға тыйым салынды (түпсаналық, манипуляциялық немесе жеке деректер туралы заңнаманы бұзу арқылы жеке деректерді жинау және өңдеу әдістерін қолдану; басқа да мүмкіндіктер).
Енді бейне немесе суретті жасанды интеллектіні қолдану арқылы жасаса оны міндетті түрде таңбалау қажет.
Жасанды интеллект жүйелерін жасауға және үдемелі дамытуға арналған платформалар құрудың әлемдік тәжірибесін ескере отырып, ұлттық жасанды интеллект платформасының қызметіне қатысты заңнамалық негіздер қалыптастырылды.