Тоқаевтың экс-кеңесшісін өлтірген адам 11 жылға сотталды
Президенттің кеңесшісі болған Ержан Бабақұмаровты өлтірген адамға үкім шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Істі Астананың мамандандырылған ауданаралық қылмыстық соты қарады. Сот процесі жабық режимде өтті. Сот айыпталушыны қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі «Адам өлтіру» бойынша кінәлі деп тапты. Астаналық 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, былтыр 30 қазанда Бабақұмаров таныстарымен бірге кеш өткізген. Жиналғандардың арасында жанжал туып, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан алған дене жарақаттарынан Бабақұмаров көз жұмған еді. Оны 36 жастағы танысы ұрып өлтірген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: