“Трактор дөңгелегінің астында қалып кеткен”: Ақмола облысында ер адам мерт болды
Ақмола облысында ер адам трактор дөңгелегінің астында қалып, көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Трактор кабинасында бір ғана орын қарастырылғанына қарамастан, жолаушы сүзгі кассеталарының үстіне отырған.
Қозғалыс кезінде ол тепе-теңдікті жоғалтып, жолдың жүру бөлігіне құлап, артқы дөңгелектің астына түсіп қалған.
Алған жарақатынан ер адам оқиға орнында жан тапсырды.
Қазіргі таңда бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Трактор арнайы тұраққа қойылып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: