Трансгендер-блогер Никонет бұрынғы сүйіктісі туралы шындықты айтты
Әлеуметтік желіде танымал трансгендер-блогер Никонет өзінің бұрынғы сүйіктісі жайлы ашық айтып, оның фотосуреттерін және жеке хаттарын жариялады деп хабарлайды Arbat.Media Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеп.
Блогердің айтуынша, ол Асқар есімді жігітпен кездесіп жүрген. Никонеттің сөзінше, жігіт оған қарым-қатынастарын жасырын ұстауды талап еткен, бірақ сонымен қатар оның танымалдығын пайдаланып, өз атын шығаруға тырысқан.
«Өкінішті, сол кезде оған нөмірімді бергеніме қазір қатты өкінемін», — деп жазды Никонет.
Блогердің сөзінше, жігіт сырттай сыпайы, әдемі сөйлейтін адам болғанымен, шын мәнінде оның сезімдерімен ойнаған. Ол Никонет қиын кезеңде ем қабылдап жүрген кезде жанында болып, кейін жоғалып, опасыздық жасап, қайта оралып жүрген.«Ол кетіп, кейін есігімнің алдына келіп жылап, кешірім сұрайтын. Мен сеніп, кешіретінмін», — дейді блогер.
Никонет кейін оның бұл уақыттың бәрінде басқа адаммен ресми қарым-қатынаста болғанын білген. Осыдан кейін блогер өткеннің бар сырын ашып, шындықты жариялауға шешім қабылдаған.