Тұмауға байланысты елордадағы емханалар демалыста да жұмыс істейді

Күні кеше Астана қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айгүл Шағалтаева тиісті қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Құжатта ЖРВИ жұқтыру көрсеткіштері артқаны жазылған.

«Медициналық ұйымдардың жұмыс уақытын сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін ұзарту, денсаулық сақтау ұйымдарының ішкі актілеріне сәйкес демалыс және мереке күндері 08:00-ден 18:00-ге дейін болып белгіленсін», – делінген қаулыда.

Құжатқа сәйкес, соңғы аптада қалада ЖРВИ жұқтырудың 23 мың жағдайы тіркелген. Бұл өткен аптамен салыстырғанда 1,5 есеге көп. 14 жасқа дейінгі балалар арасында сырқаттанушылық 60%-ға тең (14 018 жағдай). Ауру жұқтырғандардың жалпы санының 25%-ын мектеп оқушылары құрайды, әсіресе 1-4 сыныптарда бұл көрсеткіш жоғары (30%).

Сондай-ақ, медицина қызметкерлері мен пациенттер денсаулық сақтау нысандарында маска режимін сақтауы тиіс.

Астана Аурухана мемлекет Денсаулық

Тақырыпқа жаңалықтар