Қазақстан жаңалықтары12 қыркүйек 2025, 14:13

Түркістан облысында әкесін соққыға жыққан ер адамның әйелі де сотталуы мүмкін

Түркістан облысында әкесін ұрып-соққан адамның әйеліне де қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қайғылы оқиға қыркүйек айының басында болды. Желіде ер адамның қарт кісіні ұрып жатқаны түсірілген видео тараған еді. Кадрдан қарияның беті қанға боялғанын көруге болады. Ақсақал орнынан тұра алмаған соң, баласы әйелін шақырып, екеуі ақсақалды сүйреп әкетеді.

Кейін видеодан ер адамның әкесін ұрып-соққаны анықталды. Ал әйелі оны тоқтатпаған. Видеоны көршісі жасырын түсіріп алған.

Осыдан кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Ал әйеліне қатысты тергеу жүріп жатқан еді.

қаза болды ер адам Шардара Түркістан
Кеше, 12:30 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары
14 шілде 2026 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар