Түркістан облысында аурухананың бас дәрігері бюджет қаржысын жымқырған

Ол медициналық жабдықтарды сатып алу кезінде таныстары мен туыстарының компаниясымен бірнеше жалған шарт жасаған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізгенімен, қабылдау актілері мен келісімшарттар бақылауындағы фирмалар арқылы рәсімделген.

Ауруханадан компания есепшотына түскен қаржы өзара бөлінген.

«Түскен табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер алған», - дейді қаржы мониторинг агенттігі.

Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы қолданылды, ал оның сыбайласы үйқамақта отыр.

Түркістан Аурухана облыс Қаржы
7 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
7 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары
7 желтоқсан 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар