Түркістан облысында жаңбырдан кейін бір ауылды су басты

Төлеби ауданына қарасты Екпінді ауылындағы Ақмешіт өзені арқылы өтетін екі өтпелі көпір қатты жауын-шашын салдарынан бұзылып, өзеннің арғы бетінде демалып жүрген азаматтар кері өте алмай қалған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Оқиға орнына бірінші болып жеткен полиция қызметкерлері жағдайды жедел бақылауға алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында шұғыл әрекет етті. Жергілікті атқарушы органдар және төтенше жағдайлар қызметкерлерімен бірлесе отырып, арнайы техникалық құралдарды пайдаланып, эвакуациялық жұмыстарды ұйымдастырды.

Полицейлердің үйлесімді әрі жедел іс-қимылының нәтижесінде өзеннің арғы бетінде қалған 78 азамат, оның ішінде 28 жасөспірім аман-есен бергі жағаға өткізілді. Әсіресе учаскелік полиция инспекторлары ерекше жауапкершілік танытып, жасөспірімдерді өз қолдарымен тасымалдап, қауіпсіз жерге жеткізді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Барлық эвакуацияланған тұрғындар тұрғылықты мекенжайларына жеткізілді. Жедел ахуал полицияның толық бақылауында, жағдай тұрақты.

Түркістан Су басты облыс

Тақырыпқа жаңалықтар