Түркістан қаласындағы мұнай базасынан өрт шықты
24 қараша күні кешке Түркістанда Саттарханов көшесінде орналасқан мұнай базасының аумағынан өрт шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
ТЖМ хабарлауынша, Саттарханов көшесіндегі мұнай базасынан өрт шығып, тез тарала бастаған.
«Өрт сөндірушілер жедел жұмыс істеді. Өрт оқшауланып, толығымен сөндірілді. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деп хабарлады ТЖМ.
Министрлік өкілдері оқиға орнынан видео жариялап, қазақстандықтарға тағы бір мәрте өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салды.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: