Түркістанда 5 млн теңге бопсалаған ер адам ұсталды.
Түркістан облысында 38 жастағы ер адам 5 миллион теңге бопсалады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Полиция мәліметінше, күдікті Шымкент тұрғынын ар-намысына нұқсан келтіретін ақпаратты таратамын деп қорқытып, ақша талап еткен.
Тінту кезінде одан телефон және 5 миллион теңге тәркіленді.Қазір аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: