Түркістанда сау әйелін психиатриялық стационарға күштеп жатқызған ер адам сотталды

Түркістан облысында әйелін скотчпен байлап, психиатриялық ауруханаға заңсыз орналастырған жергілікті тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

Сот мәліметінше, Түркістан қаласының тұрғыны адам ұрлау, психиатриялық стационарға заңсыз орналастыру және оқ-дәрілерді заңсыз сақтау баптары бойынша айыпталған. Сотталушының қылмыс жасауына екі досы көмектескен.

Тергеу мәліметінше, ер адам азаматтық некедегі әйелімен жандалдасып, оны еркінен тыс психиатриялық стационарға заңсыз орналастырған. Тіпті, әйелінің қарсылығына қарамай, қол-аяғына скотч байлап тастаған.

Сот шешімімен түркістандық ер адам 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның екі досы 8 жыл арқалады.

Түркістан Әйел сот науқас

Тақырыпқа жаңалықтар