Қазақстан жаңалықтары23 мамыр 2024, 22:17

Туысқанына ұрыларды әкелген: Алматыда қарақшылар ұсталды

Мегаполистің «Достық» ықшамауданындағы үй түнгі уақытта тоналған. Үйге түскен ұрылар ақша мен газ тапаншасын алып кеткен. Полиция департаменті үйді тонаған 4 күдікті қылмыстың ізі суымай ұсталғанын айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.

— Бұл қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Олардың арасында үй иелерінің жақын туысы бар. Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілердің екеуі бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Ұсталғандардың жеке басы ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр, — деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)

Айта кетейік, ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Конституцияның 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Алматы ұрылар

Тақырыпқа жаңалықтар