Үйден қашпақ болған кішкентай балалар жолда ұсталды
Үйден қашпақ болған кішкентай балалар жолда ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Астанада 8, 10 және 11 жастағы үш бала бос жүк вагонына мініп, бірнеше ондаған шақырым жол жүрген. Бірақ көлік полициясы байқап қалған. Кәмелетке толмаған балалар Ақмола облысындағы Аршалы станциясында түсіріліп, ата-аналарына табысталды.
«Ата-аналарға теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік жүктеледі. Сондай-ақ, балалардың тәрбиесі мен қауіпсіздігіне тиісті деңгейде жауап бермегені үшін де шара қолданылады», - деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Демек, ата-аналарға балаларды тәрбиелеу міндетін орындамағаны үшін тағы да айыппұл салынуы мүмкін.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: