Үкімет басшысы мен оның орынбасарлары су басқан өңірлерде жүр
Премьер-министр Олжас Бектенов және вице-премьерлер су тасқынан зардап шеккен өңірлерді аралап жүр, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Премьер-Министрдің басшылығымен республикалық штаб құрылды. премьер-министрдің өзі, оның орынбасарлары және Төтенше жағдайлар министрі апат болған аймақтарды аралап жүр. Барлық құтқару жұмыстары менің тікелей бақылауымда», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа үндеуінде.
Президенттің айтуынша, су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурс тартылды.
«Құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатыр. Зардап шеккен аймақтардың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеуде. Ондаған мың волонтер де көмектесіп жүр. Жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсереміз, барлығын қалпына келтіреміз. Ең бастысы – азаматтардың амандығы», - дейді Мемлекет басшысы.