Ұлдана Мырзуан ісі прокурорға қайта жолданды

Астаналық фельдшердің қазасына қатысты мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Сәуле Жұбаниязованың ісі прокурорға жолданды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Іс құрылыс салушы мен басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іспен біріктірілуі мүмкін, деп хабарлайды 

Сот мәліметінше, қасбеттің опырылуына бірнеше фактор себеп болуы ықтимал. Оның ішінде құрылыс кезіндегі кемшіліктер мен технологияның бұзылуы бар.

Жоғарғы сот бұл шешім ешкімнің кінәсін білдірмейтінін айтты. Іс тоқтатылған жоқ, тергеу жалғасады.

Бұған дейін прокурор мүлік иелері бірлестігінің төрайымы Сәуле Жұбаниязованы кінәлі деп танып, 2 жылға бас бостандығынан шектеуді сұраған еді. Оған қоса 3 жыл МИБ басқаруға тыйым салуды ұсынған.

фельдшер Тергеу сот шешім

Тақырыпқа жаңалықтар