Үлескерлерді алдаған құрылыс компанияларының мүлкі тәркіленді
Астана қаласының прокуратурасы жосықсыз құрылыс салушылардың мүлкін мемлекет пайдасына тәркіледі, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ден қою актілері негізінде мемлекет меншігіне жосықсыз құрылыс салушылардың 5 қабатты ғимарат жер учаскесімен бірге, тұрғын емес 7 үй-жай өтті.
Бұл шаралар проблемалық объектілерді салуға жұмсалған бюджет қаражатын толықтыруға мүмкіндік берді.
7 талап қою арқылы 100-ден астам үлескердің құқығы қорғалды.
Азаматтар ақша құйған объектілер құрылыс салушылардан алынып, тұрғын үй-құрылыс кооперативтеріне берілді.
Бұл олардың құрылысын жалғастыруға мүмкіндік береді.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: