«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына өзгеріс енгізілуі мүмкін

Жинақталған ақшаны бір отбасының балалары арасында бір-біріне беруге рұқсат ету ұсынылып отыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мұны «қызықты идея» деп атады.

«Оны қарау керек. Егер бір отбасының ішінде болса, мәселен, біреу 22 жасқа келіп, екіншісі 18-де болса, ал үлкені ақшаны пайдаланбаған жағдайда інісіне немесе қарындасына жинауға берсе, қарастыруға болады», - деді ол.

«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында берілген ақша оқуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсалады.

Ұлттық қор Балалар депозит Қаржы

Тақырыпқа жаңалықтар