Қазақстан жаңалықтары21 желтоқсан 2023, 14:12

Ұлттық қор: eGov-тан балаңызды таппасаңыз ...

Электронды үкімет платформасында кейбір балалардың цифрлық құжаттары жоқ екендігі анықталды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті.

«Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес, 1 қаңтардан бастап, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аясында балаларға төлем төлеу күшіне енеді. Осыған байланысты көптеген отандасымыздың eGov платформасынан балаларының цифрлық құжаттарын тексеруі кезінде кейбір деректердің жаппай жоқ екендігі анықталды. Бұл қандай да бір қателіктен, не болмаса кемшіліктен, техникалық ақаудан емес. 2008 жылдан бастап туған балалардың құжаттары ғана цифрлық форматқа өткен болатын», – деді Талғат Уәли.

Осы ретте министрлік өкілі балаларды eGov платформасына тіркеу жолдарын атады.

«Егер балаңыздың деректері eGov-та жоқ болса, онда платформада «баланы қосу» деген батырма бар. Соны басып, баланың ЖСН нөмірін енгізу арқылы тіркелей аласыз. Егер сол тіркеу кезінде ақпараттар шықпай жатса, онда «түзету» батырмасына өтіп, өз құжатыңызды, балаларыңыздың туу туралы куәлігін енгізесіз», – деді ол.

Ұлттық қор egov Бала

Тақырыпқа жаңалықтар