Қазақстан жаңалықтары19 қыркүйек 2025, 14:32

Ұлттық және діни алауыздықты тудырған 11 адам сотталды

Жыл басынан бері ұлттық және діни араздықты қоздыру фактісі бойынша 11 адам сотталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлады.

Елорда тұрғынының бірі Тик Ток-тағы тікелей эфирде әдепсіз сөздерді қолданып, басқа ұлтқа қатысты бұрыс пікір білдіру арқылы ұлттық жанжал тудырған. Құзырлы орган мұндай әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылғанын еске салды.

«Мемлекеттік айыптаушылармен сотталушылардың кінәсі толық дәлелденген, нәтижесінде олардың барлығына әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған. 11 тұлғаға қатысты сот актілері заңды күшіне енді», - делінген хабарламада.

Қылмыс сот түрме жабылды
Кеше, 17:29 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 11:48 Қазақстан жаңалықтары
Бүгін, 14:25 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар