Ұрыс кезінде әйелін ұрған ер адам 25 күнге қамалды
Ақтауда отбасылық жанжал ер адамға қатысты қылмыстық іспен аяқталды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Әйелімен сөзге келген кезде мас күйде болған ер адам оның басынан ұрған.
Ақтау қалалық соты ер адамды Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 1-бөлігі «Ұрып-соғу» бойынша кінәлі деп танып, 25 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.
Бұл бап адамның денсаулығына жеңіл зиян келтірмей, физикалық ауырсыну туғызған ұрып-соғу немесе өзге де зорлық-зомбылық әрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді. Мұндай құқық бұзушылық үшін 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл, түзеу немесе қоғамдық жұмыстар, сондай-ақ 25 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Ер адам өз кінәсін мойындады. Ақтау прокуратурасы оның кінәсін мойындауы қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтынын атап өтті.