Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді
Британдық BBC Travel басылымы қаланы 2027 жылы саяхаттауға тұрарлық 20 бағыттың тізіміне қосты. Алматы – тізімге енген Орталық Азиядағы жалғыз қала, деп хабарлайды Arbat.Media.
Басылым туристерге қаланың заманауи мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және қолөнерімен танысуға кеңес береді. Оған қоса Almaty Museum of Arts музейі, "Целинный" мәдениет орталығы мен The Spirit of Tengri фестивалі ерекше аталған.
Тізімге Франция, Италия, Канада және Жаңа Зеландиядағы туристік бағыттар да енген.
Алматы әлемдегі ең үздік 20 туристік бағыттың қатарына енді
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: