Үшінші АЭС-ті Қытай салады

Қазақстандағы үшінші атом электр станциясын Қытай салады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр хабарлады.

«Орналасу орындары пысықталуда», - деді Қазақстанның бірінші вице-премьері.

Айта кетейік, Қазақстанда алғашқы АЭС салу туралы шешім 2024 жылы референдумда қабылданды. Қазақстандағы алғашқы толыққанды АЭС-ті салу құқығына Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Корея таласқан болатын. 2025 жылдың маусым айында Атом энергиясы агенттігі Қазақстандағы алғашқы атом электр станциясының құрылысымен «Росатом» айналысатынын хабарлады.

Станцияны Алматы облысында орналастыру жоспарлануда. Ол 2035-2036 жылдары пайдалануға берілуі мүмкін.

 

Қытай АЭС Қазақстан Ресей

Тақырыпқа жаңалықтар