Тоқаев Ердоғанға хат жолдады

Тоқаев Ердоғанға Анкарада қонақжайлылық танытқаны үшін шынайы ризашылығын білдіріп, хат жолдады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Қазақстан Президентінің пікірінше, Түркия астанасында өткен келіссөздер екіжақты ынтымақтастықтың бауырластық, өзара сенім және стратегиялық серіктестік рухында дамып, бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейге көтерілгенін көрсетеді.

Еліміз Түркиямен БҰҰ, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да халықаралық құрылымдар аясындағы ықпалдастықты жоғары бағалайды. Сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттандыру процесіне тұрақты қолдау білдіргені үшін алғыс айтады.

Билік Ердоған Тоқаев Хат

Тақырыпқа жаңалықтар