Вейптердің заңсыз айналымы: Шоттар арқылы 3,2 млрд теңге өткен

Қазақстанда вейптердің айналымына тыйым салынғанына қарамастан, оларды заңсыз әкеліп, сату фактілері анықталып жатыр, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Агенттіктің мәліметінше, жыл басынан бері заңсыз сауданың 25 дерегі тоқтатылып, 276 мыңнан астам электронды тұтыну жүйесі тәркіленді. Қазір 37 қылмыстық іс тергеліп жатыр, ал 14 іс сотқа жолданған.

Сонымен қатар, Астанада вейптердің заңсыз айналымын ұйымдастырған қылмыстық топқа қатысты іс тергелуде. Өнімдер қоймаларда сақталып, сауда интернет-дүкендер мен мессенджерлер арқылы жүргізілген. Қолданылған банк шоттары арқылы өткен ақша көлемі 3,2 млрд теңгеден асқан.

Қарағанды және Ұлытау облыстарында вейптердің заңсыз саудасын ұйымдастырған азаматтарға қатысты сот үкімдері шығарылды. Атап айтқанда, Қарағанды облысында құны 340 млн теңге болатын 30 мыңға жуық вейп тәркіленген.

Вейптер Қаржылық мониторинг Мессенджерлер Интернет-дүкендер

Тақырыпқа жаңалықтар