Халықаралық БАҚ байқауында ақтөбелік полицейдің суреті ІІІ орын алды
ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІМ кеңесінің халықаралық БАҚ байқауында Ақтөбе облысындағы полиция қызметкерінің суреті ІІІ орын алды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Мәскеуде өткен бұл байқауға Ақтөбе облыстық ПД қызметкері Бекзат Жалғасбаева да қатысты.
Бекзат “Табиғатта жағымсыз ауа райы болмайды” номинациясы бойынша бақ сынады.
Ол бұл суретті өз ауылында демалыста жүргенде түсірген екен.
Даланың бар сұлулығын жеткізген туындыны байқау комиссиясы үздіктердің бірі деп таныды.
Айта кету керек, байқауға барлығы 600-ден астам жұмыс ұсынылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: