Яна Легкодимованы өлтіргендер өмір бойына сотталды
Атырауда 24 жастағы Ризуан Асланов пен 25 жастағы Алтынбек Катимов өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Олар "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған кісі өлтіру" және "Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған бөтеннің мүлкін қасақана жою" баптары бойынша кінәлі деп танылды.
Сот биыл қыркүйек айының соңында басталды. Сотта айыпталушылардың хат алмасулары оқылып, олар қызды өлтіру және мәйіттен құтылу жоспарын құрғаны анықталды.
Янаның мәйіті Жайық өзенінің жағасынан табылған, іздеу жұмыстары сегіз айға созылған.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: