Ыстықтың беті қайтты: 18-20 тамыз күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидрометтің» хабарлауынша, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел күшейіп, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Arbat.Media.

Тек еліміздің оңтүстігінде күн ашық болады. Солтүстік, шығыс және орталық өңірлерде түнде және таңертең тұман түседі. 19-20 тамызда солтүстік аймақтарда, 20 тамызда Қазақстанның орталығында қатты жаңбыр жаууы ықтимал.

Батыс өңірлерде күндіз ауа температурасы +30...+38°C-қа дейін көтеріліп, Маңғыстау облысының жекелеген аудандарында +41°C-қа дейін жетеді.

Ақтөбе облысында күндіз ауа температурасы +27...+35°C, Қостанай облысында +20...+30°C болады.

Солтүстік облыстарда күндіз ауа температурасы +17...+22°C-қа дейін, орталық және шығыс өңірлерде +18...+30°C-қа дейін төмендейді.

Қазақстанның оңтүстігінде күндіз ауа температурасы +30...+37°C аралығында болады.

Ауа райы Климат Ақпарат

Тақырыпқа жаңалықтар