Жалған құжатпен шекараны кесіп өтпек болған 19 шетел азаматы анықталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2026 жылдың қыркүйек және қазан айларында Астана және Алматы қалаларының әуежайларында Қазақстан шекарасын жалған құжаттармен кесіп өтуге әрекет жасаған 19 шетел азаматы анықталған, деп хабарлайды Arbat.Media.

Құқық бұзушылардың басым бөлігі жалған визаларды және үшінші тұлғалардың анықтау деректері көрсетілген құжат бланкілерін пайдаланған.

Аталған фактілер бойынша құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Жалпы, 2026 жылдың басынан бері шекаралық бақылауды жүзеге асыру барысында осындай 358 фактінің жолы кесілген.

Ұлттық қауіпсіздік баспасөз құқықбұзушылық

Тақырыпқа жаңалықтар