Жамбыл облысында жасөспірім 9 жылға сотталды

Жамбыл облысында кәмелетке толмаған жасөспірім бұзақылық ниетпен адам өлтіргені үшін кінәлі деп танылып, 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Бұл туралы Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Іс материалдарына сәйкес, осы жылдың қыркүйегінде жасөспірім мен жәбірленуші арасында электронды темекіге бола жанжал туындаған. Сол сәтте айыпталушы марқұм жігітке пышақ жарақатын салған.

Сот айыпталушының кәмелетке толмағанын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.

Сондай-ақ, айыпталушының заңды өкілінен моральдық зиян үшін 8 миллион теңге өндірілді.

жамбыл облыс Жасөспірім сот

Тақырыпқа жаңалықтар