Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметшісін қорлаған адам жазаланды

Жамбыл облысында жедел жәрдем қызметшісін қорлаған тұрғын айыппұл арқалады, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ер адам жедел жәрдемді үйіне шақырту кезінде фельдшердің жұмысына көңілі толмай, дөрекі сөйлеп, дәрі-дәрмек ыдысын бір ұрған.

Ол сотта масаң күйде болғанын алға тартып, кінәсін мойындаған.

«Кінәлі адамның өкінішін ескеріп, айыппұл мөлшерін 30%-ке қысқартып, нәтижесінде 82 мың теңге көлемінде айыппұл тағайындалды», - дейді сот.

жамбыл жедел жәрдем Қызмет сот
Кеше, 14:41 Қазақстан жаңалықтары
Кеше, 15:41 Қазақстан жаңалықтары
17 қыркүйек 2025 Қазақстан жаңалықтары

Тақырыпқа жаңалықтар