Жамбыл облысында жоғалған адамның мәйіті табылды
Жамбыл облысында 4 күн бұрын жоғалып кеткен ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Arbat.Media.
13 ақпанға қараған түні 40 жастағы ер адам достарымен бірге қыстаққа барған.
Көлігі бұзылғаннан кейін белгісіз бағытта кетіп қалып, қайта оралмаған.
Іздеу жұмыстары Рысқұлов ауданы аумағында жүргізілді.
Оған дрондар мен «Қазавиақұтқару» тікұшағы да тартылған болатын.
Күні кеше жергілікті тұрғындар жоғалған азаматтың мәйітін тапты.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: