Жамбылда көктайғақ болып, республикалық жолдар жабылды
Жамбыл облысында соңғы екі күннен бері жерге мұз қатып, тұрғындарды көктайғақ әбігерге салды. Тіпті жедел жәрдем көлігі де тас жолдың бетінде тайғанап, аударылып қала жаздаған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Сарысу мен Талас ауданында болған көктайғақтан жолаушылар автобусы да жартылай жолдан шығып кеткен. Ауыр жүк көліктері мүлде жүре алмай, Шымкент-Жаңатас-Қаратау-Тараз арасын жалғайтын автожол мұз құрсауында қалды.
Қордай, Меркі, Мойынқұм мен Шу ауданында да ауа райы нашарлап, көктайғақ арты қалың қарға ұласқан. Бірлік пен Бурылбайтал ауылы арасындағы 100 шақырымнан аса жол жабылды.
Сондай-ақ «Алматы – Екатеринбург» автожолының Мойынқұм ауданындағы аумағы мен Қордайдың жаңа асуына дейінгі бөлігінде барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелген.
Бөлісу
Arbat media жаңалықтарына жазылу: