Жан Ахмадиев Меркіде көз жұмған келіншекке қатысты маңызды мәлімдеме жасады
Жан Ахмадиев Меркіде көз жұмған Мадинаға қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Arbat.Media.
“Мадинаның ісіне қатысты әлеуметтік желіде жалған ақпараттар тарап жатыр. Тексерілмеген әңгімелерге сенбеңіздер! Нақты әрі ресми ақпаратты тек біздің парақшадан алуларыңызды сұраймыз. Мадинаға әділдік — тек ақиқатпен орнайды!”, - деді ол.
Айта кетейік, Жамбыл облысының Меркі ауданында 19 жастағы Мадина Рашидқызының өліміне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды. Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр.
Мадина Өзбекстан азаматы болған. Ол Қазақстан азаматына тұрмысқа шығып, Меркі ауданында күйеуімен бірге шамамен екі жыл тұрған. Артында сегіз айлық сәбиі қалған.
Бұған дейін марқұмның құрбысына жазған хабарламалары жарияланған еді. Онда Мадина күйеуімен жиі жанжалдасатынын, тіпті оның қол көтергенін айтқан. Соңғы жанжалдың бір «Барни» тәттісіне байланысты болғанын жазған. Кейін ол заттарын жинап, күйеуінен кетіп, ажырасқысы келетінін құрбысына жеткізген.