Жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағандар жазаланады
Мәжілістің жалпы отырысында «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізілетіні мәлім болды. Оның ішінде жаңа туған нәрестені тастап кеткені туралы хабарламағаны үшін медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлерін әкімшілік жазаға тарту мәселесі де бар, - деп хабарлайды Arbat.media.
Енді жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар оларды қабылдау фактілері туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органдарына және прокуратураға хабарлауға міндетті.«Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексте жаңа туған нәрестені тастап кету фактісі туралы хабарламаған медициналық ұйымдар мен жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына жауапкершілік қарастырылады. Бұл ретте баланың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органның мұндай істерді қарау құзыреті айқындалады», делінген Мәжілістің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.