Жаңа Қорғаныс министрі алғашқы кеңесін өткізді

Ведомство басшысының сөзінше, әскери қызмет қауіпсіз болуы қажет әрі жарғыдан тыс қарым-қатынасқа (яғни дедовщинаға) қатаң тосқауыл қойылуы керек, деп хабарлайды Arbat.Media.

"Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек", - деді министр.

Әскери қызметшілерді даярлау тәсілдерін қайта қарау көзделіп отыр. Қазіргі заманғы қақтығыстарды, ұшқышсыз ұшу аппараттарын, радиоэлектрондық күрес құралдарын және басқа да технологияларды қолдануды ескеру қажет.

Министр жеке тапсырма ретінде бюджет қаражатын ашық, ұтымды және тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді жүктеді.

Қорғаныс минстрі әскери қызмет тосқауыл

Тақырыпқа жаңалықтар